Үкімет басшысы еңбек адамдарын қолдауға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Үкімет басшысы еңбек адамдарын қолдауға шақырды

Үкімет басшысы еңбек адамдарын қолдауға шақырды

«Жұмысшы мамандықтары жылы» ауылға қажетті мамандарды тартуға ықпал ету қажет. Олжас Бектенов Үкімет отырысында осылай деді.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

Мемлекет басшысы қоғамда еңбекқорлық пен кәсіби құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталып, масылдық көңіл-күйден арылу керек екенін атап өтті. Біз нағыз еңбек адамдарын, қарапайым жұмысшыларды, еңбек әулеттерінің өкілдерін, кәсіпорындардағы, бизнес пен мемлекеттік сектордағы тәжірибелі қызметкерлерді қолдауға тиіспіз. Бұл – барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің міндеті.


Автор
Редакция
Бөлісу