БҚО онкодиспансерінде өрескел заң бұзушылықтар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар БҚО онкодиспансерінде өрескел заң бұзушылықтар анықталды

БҚО онкодиспансерінде өрескел заң бұзушылықтар анықталды

Батыс Қазақстан облысында қатерлі ісік ауруына шалдыққан 58 тұрғын мүгедектік ала алмаған. Облыс прокурорлары онкологиялық диспансерде өрескел заңбұзушылықтарды анықтады. Дәрігерлер науқастарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермей, азаматтардың конституциялық құқығын бұзған. Салдарынан қатерлі ісікпен ауыратын және дене функцияларының тұрақты бұзылуы бар азаматтар мүгедектігін нақтылайтын құжаттарын ала алмаған. Дәрігерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал науқастар тиісті сараптамаға жіберіледі.

Ардақ Мұратқызы


Автор
Редакция
Бөлісу