Мәулен Әшімбаев БҰҰ Бас хатшысымен кездесті
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Португалия Республикасына сапары аясында Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркениеттер альянсының 10-Жаһандық форумына қатысты. Шарада адамзатты алаңдатқан өзекті проблемалар және оларды еңсеру жолдарын жетілдіру мәселелері талқыланды. Палата спикері форум алаңында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антонио Гутерришпен және Өркениеттер альянсының Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиноспен екіжақты кездесулер өткізді. Мәулен Әшімбаев өз сөзінде Жаһандық форумға қатысушыларға ілтипат білдіріп, Альянстың миссиясы айрықша маңызға ие екенін атап өтті.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламент Сенатының төрағасы:
Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінде Қазақстан Президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаев әлемге бейбітшілік жолындағы жаңа жаһандық қозғалыс қажет екенін айтты. Шын мәнінде, халықаралық қауіпсіздіктің қазіргі жүйесі бүгінгі қалыптасқан ахуалға жеткілікті деңгейде сай келмейді. Мұндай жағдайда бейбітшілікті, келісім мен өзара сенімді нығайтуға арналған діни, саяси және қоғамдық көшбасшылардың бірлескен күш-жігері ерекше өзекті екені анық. Осы орайда Өркениеттер альянсының Жаһандық форумы аталған бағытты тағы бір пысықтап, идеялар алмасуға, бейбітшілік, диалог және келісімді ілгерілету тәсілдерін талқылауға мүмкіндік береді.
Темірлан Нұрсолтанов
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner