Британиялық ұйым саяхатшыларға вирустардан сақтануды ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Британиялық ұйым саяхатшыларға вирустардан сақтануды ескертті

Британиялық ұйым саяхатшыларға вирустардан сақтануды ескертті

Британиялық «Travel Health Pro» ұйымы саяхатшыларына адам өміріне аса қауіпті вирустар таралғаны туралы ескерту жасады. Олардың дерегінше, марбург, оропуш және маймыл шешегінің мутацияланған түрі әлемнің 17 елінде байқалған. Марбург вирусы Руандада, оропуш індеті Оңтүстік Америкада өршіп тұр. Ал маймыл шешегінің жаңа штамы Африка елдерінде белең алған. Шетелдік ұйым туристерге мейлінше сақ болып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Темірлан Нұрсолтанов

Автор
Редакция
Бөлісу