Астанада «Тарихи тұлғалар туралы толғам» көрмесі ашылды
Елордада тәуелсіздік күніне орай «Тарихи тұлғалар туралы толғам» атты көрме ашылды. Шара мемлекет және қоғам қайраткері Мұхамеджан Тынышпаевтың 145 жылдығы, Мұстафа Шоқайдың 134 жылдығы, Сәкен Сейфуллин мен Тұрар Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойларына арналып отыр. Көрмеде тарихи тұлғаларға тиесілі құжаттар мен музей қорларынан алынған экспонаттар мен кітаптар бар. 170-ке жуық құнды материалды қала тұрғындары мен қонақтары 1 ай бойы тамашалай алады.
Асқар Несіпбай, ҚР ПІБ президенттік орталығының сарапшысы:
Біздің көрмемізде Мұстафа Шоқайдың Францияда жарық көрген арнайы Яш-Түркістан журналында қолданған баспа машинасы қойылған. Бұл 1920 жылы Америкада өндірілген. Сонымен қатар Сәкен Сейфуллиннің кітаптары жинақтар, сондай-ақ М.Тынышбаевтың әртүрлі деңгейдегі АЗБУКА морзе телеграф баспа машиналары поровоздардың макеттері, архивтік құжаттар мен 19 жылдан келе жатқан кітаптар сақтаулы.
Аида Ахметбек
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner