Қазақстан өкпе ауруынан әлем бойынша үшінші орынға шыққан
Өкпе ауруы өршіп тұр. Қазақстан әлем бойынша осы дерттен үшінші орынға шыққан. Осы ретте елордада респираторлық медицинаның ІІІ Ұлттық конгресі өтіп жатыр. Шараға Қытай, Беларусь, Австрия, Германия, Өзбекстан және Ресей елдерінен медицина мамандары келген. Отандық және шет елдің кәсіби қызметкерлері бірігіп, жиында тыныс алу органдарының ауруларын емдеудің заманауи әдістерін енгізу және осы бағыттағы зерттеулерді талқылауда. Үш күн бойы респираторлық ауруларды диагностикалау мен емдеу әңгіме өзегі болмақ әрі өзара тәжірибе алмасады.
Абай Байгенжин, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ басқарма төрағасы, «Еуро-Азия респираторлық қоғамы» ҚҚ атқарушы директоры:
Осы ауруға қоғам да, мемлекет те қатты көңіл бөлген жоқ. Бірақ өткен коронавирустан кейін соның бәрі қазір маңызды екенін дәлелдеді. Өйткені қазір өкпе ауруларынан өлім үшінші орынға көшті. Соның барлығына констатация жасай отырып, қандай жаңа дүниежүзінде тәсілдер бар, сол біздің өзіміздің Қазақстанның өңірінен келген дәрігерлерге осының бәрін айтып, түсіндіріп, сол аурулармен бірлесіп күресуіміз керек.
Ақмаржан Ғафизқызы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner