Мемлекет басшысы Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев саясаткерді Америка Құрама Штаттарының Президенті болып қайта сайлануымен құттықтады.

Сондай-ақ, тараптар сауда, инвестиция салалары мен ядролық қаруды таратпау бағытында стратегиялық серіктестікті дамытуға бейіл екендерін растады. Мемлекет басшысы халықаралық саясаттағы Қазақстанның ұстанымын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп өзара байланысты әрмен қарай нығайту үшін ұдайы байланыста болуға уағдаласты.

Айя Мүтәлі

Автор
Редакция
Бөлісу