Кей пәндерді біріктіру мен кіріктіру: Қаншалықты дұрыс? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Кей пәндерді біріктіру мен кіріктіру: Қаншалықты дұрыс?

Кей пәндерді біріктіру мен кіріктіру: Қаншалықты дұрыс?

Білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарындағы өзгерістер Ашық порталында талқыланып жатқанынан хабардарсыз ба? Мерзімі ертең аяқталады. Әрине, бір сюжетте бәрін талқылау мүмкін емес. Біз кей пәндерді біріктіру және кіріктіріп оқыту ұсынысына тоқталамыз.

Логикадан мақұрым дей алмаймыз. Логика бар. Мысалы, химия мен биологияны біріктіріп, кіріктіріп оқыту ақылға қонады. Бірақ біріктіргенде қалай болар екен?- дейтін пәндер де бар. Сонымен бірге мұғалімдердің дайындығы. Қанша жерден білікті болса да, оған да әбден ізденіп, оқып-тоқып кіріспей ме?

Онсыз да пән оқулықтары дара, оларды тұтас көру, материалдарды бірінен-бірін шығарып өру оңай дүние емес. «Мақсатты мектеп» сияқты тағы алашапқын басталмай ма?

Асылбек Даниярдың материалы.


Автор
Редакция
Бөлісу