«Еңбек сіңірген геолог» мемлекеттік наградасы беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «Еңбек сіңірген геолог» мемлекеттік наградасы беріледі

«Еңбек сіңірген геолог» мемлекеттік наградасы беріледі

Жер қойнауын пайдалану және геология салаларын автоматтандыру мақсатында minerals.e-qazyna.kz бірыңғай платформасы құрылады. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері айтты. Ресми дерек бойынша, бірыңғай платформада инвестордың өтінім беруінен бастап, лицензия алуына дейін цифрландырылған процесс іске асырылады. Бұдан бөлек, ведомствоның комитет басшысы, геологтардың мәртебесін көтеру маңызды деді.

Ерлан Ақбаров, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің комитет төрағасы:

Геология мамандарын дәріптеу бойынша қазір жұмыстар белсенді жүргізілуде. Өзіміздің «Еңбек сіңірген геолог» ведомстволық наградамыз бар. Келесі жылдан бастап бұл мемлекеттік награда мәртебесіне көтеріледі. Сонымен қатар геология саласында түлектердің өсуі де байқалады.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 5%-ға артты

Иә, геология саласын дамытуда оң өзгерістер бар. Бүгінгі таңда минералды-шикізат базасында қатты пайдалы қазбалардың 987 кен орны жұмыс істеп тұр. Биыл құрамында минералды қоры мен ресурстары бар 17 кен орны мемлекеттік тіркеуге алынды. Олардың қатарында алтын, күміс, мыс, мырыш қорлары бар. Сонымен қатар тағы 12 учаскеде жер қойнауын геологиялық зерттеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жалпы биыл өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 5%-ға артқан. Оның ішінде машина жасау, қара металлургия, түсті металлургияның өндірісі әжептеуір өскен. Химия өнеркәсібінде де айтарлықтай өсім байқалды.

Аида Ахметбек

Автор
Редакция
Бөлісу