Қазақстан-Қытай шекарасында өткізу пункттері жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қазақстан-Қытай шекарасында өткізу пункттері жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасында өткізу пункттері жабылады

16-17 желтоқсан күндері Қазақстан-Қытай шекарасының өткізу пункттері уақытша жабылады. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Бұған басты себеп- екі мемлекеттің тиісті келісімдеріне сәйкес, елдерде өтетін мерекеге орай мұндағы жұмыс уақытша тоқтамақ. Яғни, шекарадан адамдар, көліктер және жүктер өткізілмейді. Алайда, теміржол өткізу пунктері штаттық режимде жұмыс істей береді.

Аида Ахметбек

Автор
Редакция
Бөлісу