Уақыт белдеуінің ауысуы адамдарға қалай әсер етті? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Уақыт белдеуінің ауысуы адамдарға қалай әсер етті?

Уақыт белдеуінің ауысуы адамдарға қалай әсер етті?

Уақыт белдеуі өзгергелі Қазақстан бойынша тұрғындар арасында менталды бұзылыстар байқалған жоқ. Ал адам бұл өзгеріске бейімделеді, - дейді Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының маманы.

Нәби Есімов, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары:

Біздің орталық бүкіл менталды бұзылыстар жайлы мағлұматтарды жинастырады. Қазақстан бойынша бізде ондай мағлұматтар бар. 1 наурыз, 2024 жылы бізде уақыт белдеуі өзгерді. Сол уақыт белдеуінің өзгергенінен және бүгінгі күнге дейінгі статистикалық мағлұматтарды алатын болсақ, психикалық және мінез-құлық бұзылыстарындағы статистикалық мәліметтер бойынша өзгеріс жоқ. Адам ағзасы ол уақыт белдеуіне бейімделе алады.

Темірлан Нұрсолтанов

Автор
Редакция
Бөлісу