Мектеп мұғалімі құрылыс материалдары мен қарапайым заттардан көздің жауын алар бұйымдар жасайды
Солтүстікқазақстандық мектеп мұғалімі құрылыс материалдары мен қарапайым заттардан көздің жауын алатын бұйымдар жасайды. Ақерке Балымованың қолынан шыққан костюмдер мен түрлі картиналар облыстық, республикалық деңгейдегі байқауларға қатысып үздік атанып жүр. Он саусағынан өнер тамған шебер бар білгенін балаларға үйретуден жалықпайды.
«Отты самұрық» пен «Тауыс». Екі костюмнің де негізгі бөлігі құрылыста қолданатын материалдан жасалғаны аңғарылмайды. Қиялы шексіз шебер ойындағыны қағазға түсіргенше, ал эскизді дайын бұйымға айналдырғанша асығатынын айтады. Мәселен мынадай күрделі костюмді үш аптада жасап шығарған. Әр деталь жеке-жеке дайындалады.
Ақерке Балымова, шебер:
Бұйымды әзірлер алдында ойластырып алуға тура келеді. Киген кезде қимылдап, жүрір-тұру кезінде ыңғайлы болуы тиы. Реконструкция дейміз ғой, киім алдын ала ойластырылып жасалады.
Білікті ұстаз білгенін шәкірттеріне үйретуден жалықпайды. Өзі ашқан «Алтын қолдар» үйірмесіне 50-ден астам оқушы қатысып жүр. Олар сурет салудан бастап, киіз басу техникикасына дейін түрлі өнерді меңгереді.
Назерке Кенжеболат, оқушы:
Үйірмеде көптеген нәрсені үйрендік. Ол жұмысты әдемілету, жұмысты 3D эффектіде жасау, киіз басу техникасымен жұмыс жасу. Үйірме өте қатты ұнайды, әрі өте қызықты.
Камила Тетей, оқушы:
Бұл – техника киіз басу. Инені аламыз да, оны былай басып-басып шығамыз. Мақсатымыз – ол 3D эффектімен жасау және оның әдемілігін көрсету және көптеген картиналарға біз көлемділік береміз.
Мектепке кіргеннен-ақ ерекше атмосфера сезіледі. Ұлттық нақышта безендірілген картиналар көне ғимаратқа көрік беріп тұр. Ұжымға шебер қосылғалы білім ошағы танымастай өзгерді, дейді әріптестері.
Гүлмира Балғабаева, Мектеп директорының орынбасары:
Абай Құнанбаевтың портретін сол кісі салды. Және осы дәліздерде сол кісінің картиналарымен мектебіміз әдемі болып тұр. Келген қонақтар таң қалады. Жан-дүниесін беріп істейтіні көрініп тұр.
Нариман мен Ақерке 2019 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша түстіктен теріскейге қоныс аударған. Ерлі-зайыптылар 6 бала тәрбиелеп отыр. Шебер әр жетістігігің сыртында отбасы мен мектеп ұжымының үлкен қолдауы тұрғанын айтады.
Ақерке Балымова, шебер:
Бәрінен бұрын адамдарды таң қалдыру ұнайды-ау деймін. Бәрі дайын болып біткен кезде адамдардың эмоциясын көрген кезде одан сайын шабыттанамын. Жұмыстарды ешкімге ұқсамайтындай, ерекше болғанын қалаймын.
Шебердің айтуынша бойындағы ерекше өнер әжесінен дарыған. Оны әрі қарай дамыту үшін үздіксіз еңбектену шарт. Ақерке Балымова болашақта өз кәсібін ашуды армандайды.
Эльмира Кәленова
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner