Мемлекеттік бюджетке жоспарланған қаржы түспей қалды
Биыл мемлекеттік бюджетке жоспарланған қаржы түспей қалды. Яғни, кіріс 19 трлн теңге болды. Бұл әуелдегі міндет-меженің 90 пайызы. Ал республикалық бюджеттің 82 пайызы ғана орындалып, 11,8 трлн теңге түскен. Бұл туралы үкімет отырысында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты. Оның сөзінше бұған үшінші елдерден келетін импорттың азаюы, экспортқа шығарылатын металл бағасының төмендеуі себеп болған. Ал жергілікті бюджеттердің кірісі керісінше артығымен, 108 пайызға орындалды. Қазына қаражатының басым бөлігі әлеуметтік салаға жұмсалып отыр. Мәселен биыл зейнетақы мен жәрдемақыға 5,2 трлн, өңірлердің бюджетіне 4,8 трлн және міндетті медициналық сақтандыру қорына 1,6 трлн теңге бөлінген.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner