Ақтаудың шағын аудандарында тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр
Ақтауда 6 шағын ауданда жаппай тазалық жұмыстары жүргізілді. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы шараға бұл жолы қала кәсіпкерлері атсалысқан. Олар коммуналдық мекемелерге қолдау көрсетіп, арнайы техника және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Ал өздері үйлерінің аумағын тазалап шықты. Абаттандыру жұмыстары аясында бүлінген жаяу жүргінші жолдары да жөнделді.
Айдар Бисенов, Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі:
Қазіргі таңда коммуналдық мекемелердің 500-ге жуық қызметкерлері жұмылдырылып, санитарлық тазалау, абаттандыру, жасыл желектерді күтіп ұстап, сонымен қатар, жарық шамдарды ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Вандализммен қираған отырғыштар мен қоқыс жәшіктері қалпына келтірілуде.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner