«Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркіне кірудің жаңа тарифі енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркіне кірудің жаңа тарифі енгізілді

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркіне кірудің жаңа тарифі енгізілді

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркіне кіру тәртібі өзгеріп, жаңа тариф енгізілді. Бұл Салық кодексіне енген өзгерістерге орай іске асуда. Енді салық төлемі республикалық бюджетке емес, ұлттық парктің арнайы есепшотына түседі. Осылайша, парк аумағына жеңіл көлікпен кіру құны жұмыс күндері — 0,3 АЕК көлемінде, яғни 1 мың 107 теңге болса, демалыс және мереке күндері — 0,4 яғни 1 мың 476 теңге болып белгіленді. Бұған дейінгі тариф бойынша кісі басынан 345 теңге алынатын.

Сондай-ақ, жаңа тәртіп негізінде «Бурабай» ұлттық паркінің аумағында тұратын және іргелес жатқан елді-мекен тұрғындарынан төлемақы алынбайды. Осылай жергілікті халықтың мүддесі ескеріліп, олардың автокөлік нөмірлері парктің электрондық базасына тіркелді.

Бибінұр Әмірханқызы

Автор
Редакция
Бөлісу