Ұлыбританияда инфляция деңгейі тағы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ұлыбританияда инфляция деңгейі тағы өсті

Ұлыбританияда инфляция деңгейі тағы өсті

Тұманды Альбион халқын қымбатшылық қысып барады. Қараша айында тұтыну бағасы 2,6 пайызға өскен. Бұл туралы Ұлыбританияның Ұлттық статистикалық қызметі хабарлады.

Осылайша, инфляция екінші ай қатарынан жеделдеп отыр. Қазан айында бағалар 2,3 пайызға, ал қыркүйекте 1,7 пайызға өскен. Әсіресе, азық-түлік пен алкогольсіз сусындардың, тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің, сондай-ақ саяхат пен бос уақыт өткізудің құны едәуір қымбаттаған.

Көлік қызметтері, керісінше, 0,9 пайызға арзандады. Ұлыбритания қаржы министрі елдегі инфляция халықаралық көрсеткіштермен деңгейлес, деп мәлімдеді.

Рэйчел Ривз, Ұлыбритания қаржы министрі:

АҚШ-та инфляция деңгейі 2,7 пайызды құрайды, яғни бізден сәл жоғары. Еуроаймақта ол 2,3 пайыз. Біз өмір сүру құны дағдарысының әлі де сезілетінін мойындаймыз және осы мәселені шешу үшін шаралар қабылдаймыз.

Марина Бекенова

Автор
Редакция
Бөлісу