Алматыда ақын Қасымхан Бегмановтың көптомдығы жарыққа шықты
Алматыда көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты Қасымхан Бегмановтың көптомдық шығармалар жинағы таныстырылды. Бүгінде ұлттық құндылықтарға айрықша басымдық беріліп келеді. Ұлттың ұлт болып сақталуына халықтың ежелгі әдет-ғұрып, салт-дәстүрді қаншалықты ұстануы да ықпал етеді. Осы тұрғыдан Қасымхан Бегмановтың көптомдық шығармалар жинағының берері көп, - дейді шараға жиналғандар. 15 томнан тұратын еңбекте ақынның өлеңдері, толғау-эсселері, этнография тақырыбына арналған зерттеу еңбектері топтастырылған. Сондай-ақ, қайраткер туралы мақала және сұхбаттар да бар.
Жанғара Дәдебаев, филология ғылымдарының докторы, профессор:
Қазақ поэзиясының алдыңғы легінде келе жатқан үлкен тұлғамызға айналды. Шығармаларының көптомдығының таныстырылымы өтіп жатыр. Қасымханның шығармашылығында, поэзиясында осы саз барынша жарқырап көрініс тапты. Сондай бағалы, қадірлі, бүкіл еліміз ардақ тұтатындай қасиетті саз.
Жазира Оразқызы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner