Алматыда «Қаңтар-22»: Сәтсіз мемлекеттік төңкеріс және ұлттың оянуы» кітабы оқырманға жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Алматыда «Қаңтар-22»: Сәтсіз мемлекеттік төңкеріс және ұлттың оянуы» кітабы оқырманға жол тартты

Алматыда «Қаңтар-22»: Сәтсіз мемлекеттік төңкеріс және ұлттың оянуы» кітабы оқырманға жол тартты

Алматыда жаңа туынды көпшілікке таныстырылды. «Қаңтар -22»: сәтсіз мемлекеттік төңкеріс және ұлттың оянуы» деп аталатын кітаптың авторы - белгілі журналист, жазушы Бигелді Ғабдуллин. Оның айтуынша, еңбекте 2022 жыл қаңтардағы қайғылы оқиға барынша шынайы баяндалған. Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған тың деректер берілген. Бигелді Ғабдуллин кітапты жазу барысында оқиғаға тікелей қатысқан азаматтармен, олардың туыстары мен дүрбелеңді өз көзімен көрген куәгерлермен кездесіп, жеке сұхбаттасқан. Кітап екі мыңнан аса тиражбен жарыққа шықты.

Бигелді Ғабдуллин, журналист, қоғам қайраткері:

Облыстарға барып, адамдарды тауып, өзінің жақындарын жоғалтқан адамдарымен сөйлесу де қиын. Біз бұл оқиға туралы әлі жазуымыз керек.

Айдана Қуантхан

Автор
Редакция
Бөлісу