Депутат: Мұғалімді жұмсаған барлық тұлғаларды анықтап, қатаң жазалау керек
Семейде орталық алаңдағы шыршаны құруға мұғалімдерді міндеттегендердің бәрі қатаң жазалануы керек. Себебі, қазір тек білім бөлімінің басшысы мен мектеп директоры ғана жауапкершілікке тартылып отыр. Бұл әділетсіз. Бүгін Парламент Мәжілісінде депутат Жұлдыз Сүлейменова осылай деп, істі бас прокуратураның жеке бақылауына алуды сұрады. Сондай-ақ, зардап шеккен мұғалімге толық медициналық көмек көрсетіп, заңды өтемақы төленуі қажет. Нақтырақ, өндірістік жарақат деп танып, оған өмір бойы өндірістік жарақатқа берілетін төлемді тағайындауды қарастырылу керек,- дейді депутат.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Еліміздің барлық өңірлерінде осындай педагог мәртесі туралы заңның өрескел бұзылуына байланысты тексеріс ұйымдастырып, олардың құқықығын қорау және олардың қауіпсіздігі туралы шара қабылдауды сұрап отырмыз.
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
