Астанада 100-ден астам оқушы Президент шыршасына қатысты
Бүгін 100-ден астам оқушы Президент шыршасына қатысты. Барлығы Астанаға еліміздің әр өңірінен келді. Олардың әрқайсына планшет пен құнды кітаптар және қорапқа толы тәттілер сыйға берілді.
Өмір ағашы, Феникс құсы, Алтын адам, Қазақ батырлары мен ертегі кейіпкерлері. Астана төріндегі Президент шыршасына келген оқушылар осындай түрлі кейіпкерлердің образына енді.
Шыңғыс Түркпенбай, 4-сынып оқушысы /Маңғыстау облысы/:
Өйткені маған батырлардың киімі ұнайды. Сондай рух береді. Өзім де батырмын. Атым Шыңғыс. Шыңғысхандай хан болғым келеді. Барлықтарыңа жаңа жыл құтты болсын.
Әли Кудияров, 5-сынып оқушысы /СҚО/:
Менің костюмім өмір ағашы деп аталады. Бұл өмір ағашының тамырларынан жаралған менің ұрпақтарым.
Оқу, спорт, шығармашылықта жетістікке жеткен оқушыларға көрсетілген құрмет Президент шыршасымен шектелмеді. Олар Астананың көрікті жерлерін көрді.
Еділ Оспан, ҚР Оқу-ағарту министрінің орынбасары:
Оның ішінде балаларымыз Бәйтерекке, Ұлттық музейге барды. Сонымен қатар, Назарбаев университетінде балаларымызды техникаға, ғылымға баулу үшін ғалымдармен кездесу ұйымдастырдық.
Астанаға арнайы әр өңірден келген 100-ден аса оқушының әрқайсысына планшет пен арнайы сыйлықтар тарту етілді. Жалпы Президенттік шырша барлық өңірде өтті. Оған 4 мыңнан аса оқушы қатысқан.
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
