Поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толды

Поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толды

Бүгін халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын – Фариза Оңғарсынованың 85 жылдық мерейтойы. Айтулы күнге орай Астанадағы опера және балет театрында «Өлең, мен сені аялап өтем...» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Ақынның өлеңдері оқылып, поэтикалық композиция мен музыкалық нөмірлер қойылды. Кешке ақынның ұлы да қонақ болды.

Алмас Оңғарсынов, Ф.Оңғарсынованың ұлы:

Түпкір-түпкірден Қазақстанның ақын-жазушылары келуде. Өзінің көріністерін көрсетіп жатыр. Өздерінің лебіздерін айтуда. 

Шараның мақсаты – ақынның өмірі мен шығармашылығын өскелең ұрпаққа жеккізу дейді ұйымдастырушылар. Сазды кештің қонақтары болса, Фариза Оңғарсынова туралы жылы естеліктерімен бөлісті.

Бауыржан Бабажанұлы, ақын, «Түркістан» газетінің бас редакторы:

Фаризаның тағы бір ерекшелігі бұл өзінен кейінгі, әсіресе, жас ұрпаққа ерекше қамқор болды. Осында Астанада тұратын көптеген жас қаламгерлер Фариза апаның жеке қамқорлығын көргенін күні бүгінге дейін айтып жүреді. 


Автор
Редакция
Бөлісу