Апатқа ұшыраған ұшақ бір жыл бойы ешқайда ұшпаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Апатқа ұшыраған ұшақ бір жыл бойы ешқайда ұшпаған

Апатқа ұшыраған ұшақ бір жыл бойы ешқайда ұшпаған

Ақтау маңында құлаған ұшақ қолданыста жүргеніне 11 жыл болған. Әуе кемесі соңғы рет қазан айында толық техникалық бақылаудан өткен. Бұл туралы Әзербайжан Эйрлайнс компаниясы мәлім етті.

Эмбрэйер 190 борты Бакуден Ресейдің оңтүстігі мен Таяу Шығысқа және Орталық Азияға қатынаған. Былтыр 225 рейс жасаған. Алайда 2023 жылдың қазанынан бері бір жыл бойы ешқайда ұшпаған. Содан биыл қатарға қосылып, 105 рейс орындаған. Әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, апатқа дейін ұшақ діттеген жерге бір сағатта жету керек болған.

Алайда Грозныйға одан кейін Махачкалаға ауа райының қолайсыздығына байланысты қона алмай, көкте екі жарым сағат ұшып жүрген. Апаттың нақты себебі қара жәшік ашылған соң жарияланады.

Қаракөз Тұрмағанбет


Бөлісу