Балет әртістеріне арналған оңалту орталығы ашылды
Елімізде алғаш рет театрда оңалту орталығы ашылды. Енді «Астана Опера» театрының әртістері сауықтыру кешенінде тегін ем алады.
Балет бишілерінің айтуынша, қойылым барысында ауырсыну, дене жарақаттарына жиі ұшырайды. Кемі жарты жыл ем алған кездері болыпты. Мұндай келеңсіздіктердің алдын алу үшін оңалту орталығы жақсы мүмкіндік болмақ.
Айта кетейік, оңалту орталығында физиотерапиялық процедуралардың толық кешені бар. Толықтай автоматтандырылған, сенсормен басқарылады және соңғы буын технологияларымен жабдықталған.
Сұлтанбек Ғұмар, «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрының солисі:
Жұмысымызға байланысты денемізге келетін зақымдар көп. Сондықтан осы орталықтың ашылуы өте ыңғайлы. Жұмысымыз өте тығыз сол себепті жақын жерде орналасқаны жақсы, барып-келуден қаржы үнемдейміз.
Аида Ахметбек
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner