Сарапшы: Әзербайжан ұшағын қарсы алуға Қазақстан тарапы дайын болды
Ақтауға қарай бет алған Әзербайжан ұшағын Қазақстан тарапы қарсы алуға дайын болды. Әуежайға хабарландыру жеткен бойда құтқару жасағы мен медициналық топ құрылған. Отандық авициация сарапшылары апат кезінде еліміз барлық халықаралық стандартқа сай қызмет еткенін айтады.
Абыл Кекілбаев, Авиация саласының сарапшысы:
Ресми сағат 11-де осы хабар жетті. 11-ден бастап бізде апаттық хабарландыру өткізілді. Маңғыстаудағы, Ақтаудағы хабарландыру схемасы бойынша бәріне хабар жеткізілді. Осының себебінен мына құтқару және медициналық түгел дайындық өткізілді. Олар әуежайдың маңайында күтіп тұрды. Осындай жағдай болып әуежайға жете алмағандықтан, әуежайдан апат болған жерге олар тез арада жетті.
Ал Әзербайжан Президенті Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмек көрсеткені үшін Қазақстан халқына алғыс айтты. Ильхам Әлиев қаралы хабар жеткенде ең алдымен Қасым-Жомарт Тоқаевқа хабарласқан. Қиын сәтте елдер арасындағы достық деп бауырластық одан әрі нығая түскенін атап өтті. Сондай-ақ, апат кезінде өз өмірлерін қатерге тіккен қазақстандық құтқарушыларға ерекше алғыс білдірді.
Ильхам Әлиев, Әзербайжан Президенті:
Тағы бір жарылыс болуы мүмкін еді. Ұшақтың бір бөлігі жанып, өрт басқа бөлігіне таралуы ықтимал еді. Соған қарамастан құтқарушылар жанқиярлықпен нағыз ерлік көрсетті. Сондай-ақ, дәрігерлердің еңбегін ерекше атап өткім келеді. Сол себепті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз алғысымды білдірдім. Қазақстандық бауырларымыздың жанашырлығы мен қолдауы әзербайжан халқының жүрегіне жетті.
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
