Әзербайжандық дәрігер қазақстандықтарға алғыс айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Әзербайжандық дәрігер қазақстандықтарға алғыс айтты

Әзербайжандық дәрігер қазақстандықтарға алғыс айтты

Әзербайжандық дәрігер қазақстандықтарға алғысын жаудырды. Әсіресе ақтаулықтардың батыл қадамдарына ризашылығын білдірді.

Полина Әлиева дәрігер

Құрметті қазақстандық бауырлар, мен сіздердің батылдықтарыңыз үшін, жанашырлықтарыңыз үшін, адамгершілік ұстанымдарыңыз үшін алғыс айтамын. Қиын-қыстау кезде көмек қолын созып, қолдау көрсету мықтылардың ғана қолынан келеді. Бұл орайда ерекше алғысты Ақтау қаласының тұрғындарына арнайы айтқым келеді. Әсіресе медицина және құтқару қызметі мамандарына, қан тапсырып, біздің консулдыққа гүл әкелген азаматтарға ризамын. Жараланған адамдарға жасаған жақсылықтарыңыз ұмытылмайды. Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз. Жақын, жанашыр қазақ жұртына алғысым шексіз. 


Автор
Редакция
Бөлісу