Әзербайжандықтар қазақ еліне алғыс айтты
Әзербайжан халқы қазақстандықтарға алғыс айтып жатыр. Әсіресе ақтаулықтардың батыл әрекеттеріне ризашылығын білдірді.
Аида Эйвазова, телеарна тілшісі, «Ipək yolu» үкіметтік емес ұйымының төрайымы:
Грозныйдан бұрылып, Ақтауға бет алғанда Әзербайжан Эйрлайнс лайнерінің экипажы бауырлас елге сенім арта отырып, ұшақты қазақ жеріне қондыруға бел буды. Ақтаулықтар да апатқа ұшыраған ұшақтың отқа оранып жатқанына қарамастан, басын қатерге тігіп, қаншама адамды аман алып қалды. Осы бейнекадрларды көргенде, 1932-37 жылдардағы нәубет заманда әзербайжандар үшін Қазақ елінің пана болғаны, бауырына басқаны еріксіз есіме түсті. Бұл жолы да бар көмегін аямады. Жедел әрекет еткен дәрігерлерінің арқасында қаншама адам туған-туысымен аман есен қауышты. Апаттан қаза болғандардың арасында қазақстандық жолаушылардың болғаны мәлім. Қайғыларыңызға ортақпыз.
Полина Әлиева, дәрігер:
Құрметті қазақстандық бауырлар, мен сіздердің батылдықтарыңыз үшін, жанашырлықтарыңыз үшін, адамгершілік ұстанымдарыңыз үшін алғыс айтамын. Қиын-қыстау кезде көмек қолын созып, қолдау көрсету мықтылардың ғана қолынан келеді. Бұл орайда ерекше алғысты Ақтау қаласының тұрғындарына арнайы айтқым келеді. Әсіресе медицина және құтқару қызметі мамандарына, қан тапсырып, біздің консулдыққа гүл әкелген азаматтарға ризамын. Жараланған адамдарға жасаған жақсылықтарыңыз ұмытылмайды. Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз. Жақын, жанашыр қазақ жұртына алғысым шексіз.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
01.09.2025, 14:50
Бердібек Мәшпекұлы өмірден озды
01.09.2025, 09:50
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner