Мемлекет басшысы корей халқына көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы корей халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы корей халқына көңіл айтты

Осы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Корея Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айту жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Муан әуежайында болған ұшақ апатының салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Президент жақындарынан айырылған отбасыларға және барша достас корей халқына көңіл айтып, апаттан зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Оңғар Алпысбай


Автор
Редакция
Бөлісу