Талдықорғанда тәртіп сақшыларына 40 автокөліктің кілті тапсырылды
Талдықорғанда жаңа жыл қарсаңында тәртіп сақшыларына 40 автокөліктің кілті тапсырылды. 10 көлік сегіз аудан, екі қаладағы учаскелік инспекторларға берілсе, 10 көлік патрульдік полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Сондай ақ кезекші бөлімдер мен табиғатты қорғау полицейлері де темір тұлпарға ие болды. Облыста қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында 240-қа жуық «Сергек», «Видар», «Зерек» бейнекамералары орнатылды. Түрлі үлгідегі 8 мобильді кешен алынды. Алдағы жылы тағы 20 мобильді кешен сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 445 млн теңге қаржы қарастырылып отыр.
СНХ: (( Қайсар Мұхметов, Жетісу облыстық ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы
Осы қызметтік автокөліктерді пайдалана отырып, біздің полиция қызметкерлері болған жағдайға уақытылы жетуіне, нақты заңды шара қабылдауына өте бір жоғары деңгейде көмек болады деп есептейміз. Полиция қызметкерлері мейрам күндері сіздерге қызмет атқаруға дайын. ))
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
