Е. Қарин: Мемлекеттік аппарат туындаған сын-қатерлерді табысты еңсере білді
Өтіп бара жатқан 2024 жыл саяси реформалардың жалғасып, қоғам бірігуінің дамуымен есте қалды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ішкі саясаттағы елеулі оқиғаларды саралап әлеуметтік желіде жазба қалдырды. Ол жыл бойы әлеуметтік маңызы бар заңдардың тұтас кешені әзірленіп, қабылданғанын, әлеуметтік- гуманитарлық саладағы мемлекеттік бастамаларды кезең-кезеңмен жүзеге асыру жалғасын тапқанын айтты. Сондай-ақ, Мемлекеттік аппарат туындаған түрлі сын-қатерлерді табысты еңсере білгенін, Президент саясаты бұрын-соңды болмаған халықаралық шиеленіс жағдайында еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің сақталуына, Қазақстанның егемендігі мен қауіпсіздігінің нығаюына ықпал еткенін атап өтті. Бұдан бөлек билік пен қоғамның болашаққа деген ортақ түсінігі мен көзқарасы бар екенін, қоғамдық қолдау алдағы 2025 жылы да реформаларды жалғастырудың күшті тірегі саналатындығына сенім білдірді.
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
