Белгілі журналист Мейрамбек Төлепберген өмірден өтті
Бүгін 68 жасқа қараған шағында елімізге белгілі журналист, қоғам қайраткері Мейрамбек Төлепберген өмірден өтті. Жамбыл облысы, Талас ауданында туған қайраткердің қазасы қазақ рухани ортасының қабырғасын қайыстырды.
Ол өзінің саналы ғұмырын баспасөз бен телевизияға арнап, мемлекеттік қызметте де абыройлы қызмет атқарды. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Жамбыл облыстық филиалын басқарды. Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Мейрамбек Төлепберген десе алдымен тарихи тұлғаларды зерттейтін ізденімпаз журналист еске түседі. Ол қазақ руханиятының жоқтаушысына айналған қабырғалы қаламгер еді. Танылмай кеткен тарихи тұлағалар туралы жарқырата жазып, жарыққа шығаратын. Замандастары осы қырынан алдына қара салмайтын, деп оның еңбекқорлығын еске алды.
Көсемәлі Сәттібайұлы, жазушы, қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
Қазақтан шыққан ұшқыш әйел, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерлік көрсеткен Хиуаз Доспанованы жазған, сол туралы алғашқы деректі естіп, «Егемен Қазақстан» арқылы халықтан сүйінші сұраған, осындай батыр қызымыз бар деген, әлі ешкім білмейтін, міне осыны алғаш жазған, жұртқа жеткізген Мейрамбек Төлепберген етін.
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
