Мемлекет басшысы «Ana tili» газетіне сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы «Ana tili» газетіне сұхбат берді

Мемлекет басшысы «Ana tili» газетіне сұхбат берді

Мемлекет басшысы «Ana tili»  газетіне сұхбат берді. Онда министрлер кабинетінің өткен жылғы жұмысына көңілі толатынын, дегенмен проблемалардың да бар екенін айтты. Президент азаматтардың тұрмыс сапасы Үкімет жұмысының басты көрсеткіші, сондықтан министрлер батыл шешім қабылдап, тиімді жұмыс істеу қажет деп атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Мен министрлерден неғұрлым тиімді жұмыс істеуді және шешім қабылдағанда батыл болуды үнемі талап етемін. Қоғам да Үкіметтің жұмысына жоғары талап қояды. Бұл - өте орынды әрі қалыпты жағдай. Сондықтан Үкіметтің жұмысы нақты нәтижеге орай, әділ бағаланады. Басты көрсеткіш - азаматтардың тұрмыс сапасы. Экономикадағы жетістіктер адамдардың күнделікті өміріне оң әсерін тигізбесе, оны әншейін сөз жүзіндегі жетістік деуге болады».
Сондай-ақ Президент ел экономикасының 4 пайыздық өсіміне көңілі толмайтынын, сол үшін Үкіметтің алдағы кеңейтілген отырысында жаңа жоспарлар жасалатынын жеткізді. Саясаттанушы Жанерке Қайратқызы Мемлекет басшысының мұндай сыни пікірін орынды деп санайды.

Жанерке Қайратқызы, Саясаттанушы:

Біздің экономика саласын басқарып отырған билік өкілдерімізге нақты қадамдар жетіспейді және өзіне деген сенімділік жетіспейді деді. Менің ойымша Президент жәй айтып отырған жоқ әдемі тілмен сөйлейді деп халықаралық қаржы институттарын. Расымен ойдың егемендігі қажет. Ең бірінші либералдық - капиталистік жүйенің қайда бара жатқанын біз көре отырып, осыдан сабақ ала отырып, нақты қадамдармен, нақты шешімдермен өзіміздің әлеуетімізді іске асыратындай шешімдерге келуіміз керек.
Президент АЭС салу мәселесіне де тоқталды. Айтуынша құрылысты жүргізетін компанияларға қатысты соңғы шешім биыл қабылданады. Ядролық өнеркәсіп саласы елдегі энергетика тапшылығын шешіп, экономикамызды өркендетуге серпін береді. Сондықтан, тағы 2 АЭС салуымыз мүмкін деді.

Серік Жұмабек

Автор
Редакция
Бөлісу