Уақыт белдеуін ауыстыру туралы жан-жақты зерттеу 1 наурызға дейін жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Уақыт белдеуін ауыстыру туралы жан-жақты зерттеу 1 наурызға дейін жүргізіледі

Уақыт белдеуін ауыстыру туралы жан-жақты зерттеу 1 наурызға дейін жүргізіледі

Мемлекет басшысы «Ana tili» газетіне берген сұхбатта өткен жылы қоғам талқысына түскен бірқатар мәселелерге жеке-жеке тоқталды. Соның бірі - бірыңғай уақыт белдеуі.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Парламентте ғалымдардың, сарапшылардың және аймақ өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдау өтті. Тараптар уақыт белдеуін ауыстырудың ел экономикасына және азаматтардың тұрмысына әсері жөніндегі барлық пікірді ескере отырып, 1 наурызға дейін жан-жақты зерттеу жүргізуге уағдаласты. Содан кейін нақты ұсыныстар әзірленеді. Парламент пен Үкімет бұл мәселені байыппен зерделеп, ортақ әрі дұрыс шешімге келетініне сенімдімін». 

Ал, Талғардағы қылмыстық оқиға өзінің жеке бақылауында екенін жеткізді. Қабылданған барлық шара заң талаптарына сай келетінін, теріс пиғылды топтардың бұл жағдайды саясиландыруына жол берілмейтінін айтты. Мақаланың толық нұсқасын «Ana tili» газетінен оқи аласыз.

Серік Жұмабек


Автор
Редакция
Бөлісу