Ұлттық құрылтай құрамында ротация жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ұлттық құрылтай құрамында ротация жасалды

Ұлттық құрылтай құрамында ротация жасалды

Ұлттық құрылтай құрамына ротация жасалып, жаңа қатысушылармен толықты. Бұл қатарда баспагер Раиса Сайран Қадыр, «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының журналисі, тележүргізуші Ерқанат Көпжасарұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төрағасы- ректоры Жансейіт Түймебаев, ҚР Президенті Архивінің директоры Әлия Мұстафина, Қостанай автомобиль көлігі колледжінің басшысы Дмитрий Павленко, саяси шолушы Ғазиз Әбішев, ШҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Ольга Кузовлева бар. Сондай- ақ ротация аясында Әли Бектаев, Оразғали Селтеев, Денис Рыпаков, Ақберен Елгезек, Исламбек Салжанов, Айдын Бикебаев Ұлттық құрылтай құрамынан шықты.

Серік Жұмабек


Автор
Редакция
Бөлісу