Елімізде санитарлық кітапшалар мен медициналық анықтамалар цифрлық форматқа көшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Елімізде санитарлық кітапшалар мен медициналық анықтамалар цифрлық форматқа көшеді

Елімізде санитарлық кітапшалар мен медициналық анықтамалар цифрлық форматқа көшеді

«Бір күндік клиника» жобасы пилоттық режимде жүзеге асырылған өңірлердің тәжірибесі, қаңтардан бастап бүкіл ел аумағында жүзеге асырыла бастады. «Бір терезе» қағидаты бойынша перинатальды диагностика және тексеру нәтижелерін алу қызметтері мен әдістерінің жоғары сапасы жүзеге асырылды. Бүгінге дейін бұл мүмкіндікті 35 мыңнан астам әйел пайдаланған. Сонымен қатар, Қазақстанда алғаш рет «Ұрық медицинасы» жобасы іске асырылды. 20 жатырішілік ота жасалды. Бұдан бөлек, жаңа жылдан бастап санитарлық медициналық кітапшалар беру, медициналық анықтамалар электронды форматқа көшірілді. Бүгінде бір жарым миллионнан аса қазақстандықтың санитарлық кітапшасы бар.

Азамат Бейбітұлы


Автор
Редакция
Бөлісу