Солтүстік Қазақстан облысында 4 адамнан метапневмовирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Солтүстік Қазақстан облысында 4 адамнан метапневмовирус анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында 4 адамнан метапневмовирус анықталды


Солтүстік Қазақстан облысында 4 адамнан, ал Батыс Қазақстан облысында 2 баладан метапневмовирус анықталды.

Дәрігерлердің айтуынша, 1 жастағы сәбилер ауырған, қазір олардың жағдайы жақсы. Бірі - облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 5 күн ем алып, үйіне жіберілген. Екіншісі балалар ауруханасында емделіп жатыр. Эпидемиолог мамандар жаңа вирустың ауа-тамшы жолымен таралатынын айтып, алдын алу шараларын сақтауға және халық көп шоғырланатын жерге бармауға шақырады.

Ардақ Мұратқызы


Автор
Редакция
Бөлісу