«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңға өзгеріс енгізілуі мүмкін
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау» туралы Заңға өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаттары айтты. Қоғамдық қабылдауға Қызылжар ауылынан келген тұрғындардың бірі елдімекенде қаңғыбас иттердің көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Ол балалардың өз беттерінше мектепке бара алмайтынын алға тартты. Халық қалаулысы Қазыбек Әлішевтің айтуынша, бұл мәселе ел бойынша өзекті. Сондықтан қазір Мәжіліс қарауында. Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар жаңадан бой көтеріп жатқан аудандарға жол салу қажеттігін және жарықшамдардың аздығын да айтты. Мәжіліс депутаттары азаматтардың шағымы қараусыз қалмайды деп сендірді.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Нысандарды аралаймыз. Оның ішінде қабылданған заңдардың аясындағы нысандар, мысалы, кризистік орталық, ТЭЦ, энергетикаға қатысты. Өздеріңіз білесіздер, бюджет кодексінің жаңа жобасын қабылдадық. Соның аясында бізде экологиялық шегерімдер, жарналар бойынша нормалар бар. Оның көбі біздің өңірге қатысты. Соның барлығын еңбек ұжымдарын аралап, таныстырамыз.
Жақсылық Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
