Түркістан облысының жаңа әкімі таныстырылды
Бүгін Нұралхан Көшеров Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды. Премьер-министр Олжас Бектенов өңірге арнайы барып, жаңа әкімді қала активіне таныстырды. Жұмысына сәттілік тілеп, Президенттің облыс басшылығы алдына қойған міндеттеріне тоқталды. Өңірді басқаруға Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков та ұсынылған еді. Бірақ дауыс беру нәтижесінде 288 дауыстың 224-і Түркістан облысы әкімінің орынбасары болған Нұралхан Көшеровке берілген. Жиында Премьер-министр аймақты 2 жыл басқарған Дархан Сатыбалдыға өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы қызметіне табыс тіледі. Ал облыстың жаңа әкімі ел алдында ант берді.
Темірлан Нұрсолтанов
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner