Мемлекет басшысы ҚХР төрағасына көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы ҚХР төрағасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы ҚХР төрағасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қытайдағы жойқын жер сілкінісінен көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты.

Президент жеделхатта Сицзан автономиялық ауданындағы зілзаладан опат болғандар туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Қазақстан халқының және өзінің атынан Қытай Халық Республикасының Төрағасы мен жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты. Әрі табиғи апатта зардап шеккендер тез арада сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

Айя Мүтәлі

Автор
Редакция
Бөлісу