Ақмолалық дәрігерлер 39 магнит моншақ жұтып қойған 4 жасар баланы аман алып қалды
Ақмолалық дәрігерлер 39 магнит моншақты жұтып қойған 4 жасар баланы аман алып қалды. Облыстық ауруханаға ауыр халде түскен баланың өмірі үшін дәрігерлер 5 сағат бойы күресті. Ұсақ магниттер ек-үш күн үйінде жатып қалған баланың тоқ ішегі пен ащы ішегін тесіп, жарақаттап үлгерген. Шұғыл операция жасалды. Енді бір-екі күн кешіккенде баланы аман алып қалу мүмкін болмас еді дейді дәрігерлер.
Ербол Жұмағалиев, облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінің меңгерушісі:
Негізі баланың ішектері зақымданды, перотонит болды және латороскпиялық методпен префарация болған жерлерін, ішектің кейбір бөліктерін кесу арқылы магниттерді шығарды және іш құрылысын жуып, тазалады. Өйткені, көп мөлшерде іріңді қабыну басталды. Бүгінгі таңа баланың жағдайы қалыпты. Орташа ауырлық деңгейінде деп айтуға болады.
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
