Алматы әуежайында ұшу рейстері кешігіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Алматы әуежайында ұшу рейстері кешігіп жатыр

Алматы әуежайында ұшу рейстері кешігіп жатыр

Алматыға қалың қар түсті. Әлі жауып тұр. Ақ ұлпаның қалыңдығы шамамен 14 см жеткен. Қала ішінде қозғалыс қиындады. Әуежайда да ұшақтардың рейстері кешігіп жатыр. Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Алматы-Астана», «Алматы-Шымкент» және өзге де бірқатар бағыттағы ұшақтың уақыты кейінге шегірілді.

Ақ ұлпаның қалың жаууына байланысты қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Олар шаһар тұрғындары мен қонақтарына көлігін жол жиегіне қоймауға шақырды.

Қуан Нұрақын

Автор
Редакция
Бөлісу