ШҚО-да бір күнде 3 ауылда отбасылық амбулатория ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар ШҚО-да бір күнде 3 ауылда отбасылық амбулатория ашылды

ШҚО-да бір күнде 3 ауылда отбасылық амбулатория ашылды

Шығыстағы Зайсан ауданында бір күнде 3 ауылда отбасылық амбулатория ашылды. 250 тұрғыны бар Сарыжыра ауылында бұрын медициналық мекеме болмаған. Науқастар Зайсан қаласындағы орталық ауруханаға қаралып келді. Жаңадан ашылған мекеме қажетті медициналық құралдармен толық жабдықталған.

900 адам тұратын Жарсу ауылында да шағын емхана ашылды. 15 кабинеттен тұратын мекемеде дәрігерлер алғашқы медициналық жәрдемнен бастап, жеңіл ем-шараның барлық түрін көрсетеді. Жалпы, Зайсан ауданында медициналық мекемелер үздіксіз жаңғыртылып келеді. Былтыр 7 емхана толық жөндеуден өтті. Бұл жолы 3 ауылда жаңа ғимараттар ашылса, жыл соңына дейін Қаратал ауылында да, жаңа амбулатория пайдалануға берілмек.

Олжас Керейхан

Автор
Редакция
Бөлісу