Президент: Азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін арттыру қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Президент: Азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін арттыру қажет

Президент: Азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін арттыру қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Президент оның Түркістан облысында атқарған жұмысын жоғары бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымы – басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайтуға нақты міндеттер жүктелді.

Оңғар Алпысбай

Автор
Редакция
Бөлісу