Майқайың аумағында жердің дүмпуі сезілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Майқайың аумағында жердің дүмпуі сезілді

Майқайың аумағында жердің дүмпуі сезілді

Павлодар облысының Баянауыл ауданы Майқайың кентінің аумағында жердің дүмпуі тіркелді. Жердің дірілін сезген тұрғындардан хабарлама түскен.

Нәтижесінде, Ұлттық сейсмология орталығы берген координаттар тексеріліп, Майқайың кентінен 15 шақырым қашықтықта орналасқан дала аймағында жердің дүмпуі сезілгені анықталды. Қираған, бүлінген ештеңе жоқ. Жердің діріліне не себеп болғаны белгісіз.

Майқайыңалтын кәсіпорнының жарылыс жұмыстары 8 қаңтарда жүргізілген, қауіпті аймақтың радиусы мұндай салдарға әкелмейді дейді мамандар.

Болат Аманбаев 

Автор
Редакция
Бөлісу