Мемлекет қайраткері Амангелді Айталы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды
Ақтөбеде мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым, академик Амангелді Айталы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. Шараға марқұмның туыстары мен зиялық қауым өкілдері жиналды.
Амангелді Әбдірахманұлы ұзақ жылдар бойы білім беру саласында қызмет еткен. Екі шақырылымда ҚР Парламентінің депутаты болды. Бірнеше кітаптың және жүздеген ғылыми мақалалардың авторы. Философия ғылымының докторы, профессор, ҚР Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы ел есінде озық ойларымен, адами асыл қасиеттерімен қалды. Ол Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университетінде ұзақ жыл қызмет етті. «Құрмет» белгісі, «Парасат» орденімен марапатталған. Бүгінгі жиынға оның шәкірттері де арнайы келіп, естеліктерімен бөлісті.
Үмбетхан Сәрсембин, философия ғылымдарының кандидаты:
Амангелді ағаймен соңғы он жылда әріптес болдым, бірге жұмыс істедім. Біздің кафедрада ол кісі профессорлық қызмет атқарды және университеттегі ғылыми орталықты басқарды. Енді бұл кісіден алатын үлгі көп өте. Бұл кісі өмірінің соңында ұмыт бола бастаған құндылықтарымызды қалпына келтірем, жалпы тарих пен екі ортада байланыс орнатам деп аянбай еңбек етті.
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
