Атырауда бір мектептің оқушылары онлайн оқып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Атырауда бір мектептің оқушылары онлайн оқып жатыр

Атырауда бір мектептің оқушылары онлайн оқып жатыр

Атырауда бір мектептің оқушылары онлайн оқуға жіберілді. Өйткені мектепте жарық жоқ. 

Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:

Нұрсая шағын ауданына қарасты №37 Салық Зиманов атындағы орта мектеп оқушылары қысқы демалыстан шыққалы бері онлайн форматта білім алып жатыр. 4 қаңтар күні электр желілерінің бірінен ақау шыққан. Сол кезде жауапты мекемеге хабарланғанымен жұмыстар әлі бітер емес. Қазір 3 техника мен 10 қызметкер жарықты қайта қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр. Ал білім ордасына генератор арқылы жылу берілуде. Жалпы, мектеп 2017 жылы пайдалануға берілген. Қазір мұнда екі ауысымда 1300-дей бала білім алады. Ал оқушылардың қашан мектепке оралатыны әзірге белгісіз.

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Автор
Редакция
Бөлісу