Елімізде сәбилерге арналған скринингтің 5 түрі бар
Қазақстан - Орталық Азияда жаңа туған сәбиге кардиохирургиялық операция жасай алатын жалғыз мемлекет. Елімізде жүрекке жылына орта есеппен 2 мыңға жуық ашық ота жасалады. Операцияның 75% бір жасқа дейінгі балаларға, оның ішінде туа біткен жүрек ақауы бар сәбилерге бағытталған.
Жалпы баланың дамуындағы тұқым қуалайтын туа біткен ауытқуларды ерте анықтау үшін елімізде скринингтің 5 түрі жүргізіледі. Скрининг жүргізудің сапасын арттыру үшін бірнеше бастамалар жүзеге асырылып жатыр.
Мәселен, туа біткен кемістігі бар балаларды емдеуге арналған 17 ерте араласу орталығы ашылады. Сондай-ақ соңғы 10 жылда шетелдік донорлардан туыс емес жасушаларды трансплантациялау бойынша 500-ге жуық операция жүргізілді. Дене салмағы өте төмен балалардың өмір сүру деңгейі перинаталдық технологиялардың арқасында 4 есе артты.
Ақниет Балтаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
