Туберкулездің ашық түрімен ауырған мейірбике балалар ауруханасында жұмыс істеген
Ақтөбеде туберкулездің ашық түрімен ауырған мейірбике балалар ауруханасында жұмыс істеген. Қазір онымен жақын қарым-қатынаста болған медицина қызметкерлері мен балалар жаппай тексеріліп жатыр. Ата-аналар ауруханаға жатып шыққан балалары үшін алаңдап отыр.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Құрт ауруы медицнина қызметкерінен шамамен бір ай бұрын анықталған. Ол жұмыс істеген бір жыл ішінде жан сақтау бөлімінен 769 бала өткен. Енді олардың барлығы тексерістен өтуі тиіс.
Қазір соңғы бір жыл ішінде ауруханаға жатып шыққан балалардың ата-аналары уайыммен жүр. Өйткені, құрт ауыры анықталса, бала үшін де, біз үшін де жүйкеге ауыр салмақ болады, дейді. Сондықтан олар тексеріс жұмыстарын жеделдетуді талап етіп отыр.
Бейсен Тойбазаров, қала тұрғыны:
Мен де балама алаңдаймын. Одан ауырады бала. Сосын келіп жатқызып тастайды ғой. Ол жұғады. Одан ата-анаға жұғады. Ашық деген, ол масқара ғой.
Оқу орнын енді ғана аяқтаған жас маман жұмысқа 2023-ші жылы қабылданған. Бірден медициналық тексерістен өткен, ешқандай ауру белгілері байқалмаған. Алайда былтыр күзде денсауылығына байланысты демалыс алған. Ол кезде пневмания диагнозы қойылған. Ал желтоқсан айында туберкулездің ашық түрі анықталған.
Нұрлан Қожин, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:
Өзіміз тексеріс өткізгенде анықталды. Бірден оқшауладық. Қазір ем алып жатыр, әлі он-он екі күн туберкулезге қарсы диспансерде ем алады. Ол жақсы қызметкер. Қыркүйек айынан бастап денсауылғы сыр бере бастады.
Науқаспен байланыста болған 55 медицина қызметкері тексерістен өтіп үлгерді. Олардың он үшінің өкпесінен инфекция белгілері байқалған. Алайда, дәрігерлер ол туберкулез емес, уайымдауға негіз жоқ деп отыр. Ал жан сақтау бөлімінде болған 770-ке жуық баланың қаншасы мейірбикемен жақын қатынаста болғаны енді анықталып жатыр. Одан кейін емханаларда тексерістен өтеді. Дәрігерлер бұл жұмысты барынша жеделдетуге уәде беріп отыр.
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
