«Abu Dhabi Ports» Қазақстанда ірі жоба бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «Abu Dhabi Ports» Қазақстанда ірі жоба бастайды

«Abu Dhabi Ports» Қазақстанда ірі жоба бастайды

«Abu Dhabi Ports» компаниясы Қазақстанда бірқатар ірі жобаларды қолға алмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның бас директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесуі кезінде бұл жоспарға қолдау көрсетіп, бастамалар Қазақстанның Каспий теңізіндегі айлақ және теңіз инфрақұрылымын дамыту жөніндегі стратегиялық мүддесіне сай келетінін атап өтті.

Мұхаммед Әл-Шамиси бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында ұдайы қолдау көрсеткені үшін Президентке алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед Әл-Шамиси бірлескен жобалардың табысты жүзеге асатынына сенім білдірді. 

Оңғар Алпысбайұлы

Автор
Редакция
Бөлісу