Қысқы Универсиада: Парашаңғышылар күміс және қола медальға ие болды
Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада бүгін Қазақстан қоржынына 5 медаль түсті. Оның бірі – қола, үшеуі күміс және тағы бір алтын.
Парашаңғышы Денис Зинов 10 шақырымға еркін жүрістен мәреге екінші болып келіп, күміс жүлде алды. Дәл осы сайыс түрі бойынша бақ сынаған парашаңғышы Роман Құрбанов қолаға қол жеткізді. Отандасымыз көзі нашар көретіндер санатында шеберлігін сынаған болатын.
Ал кеше ғана ел қоржынына алғашқы «алтынды» салған Анастасия Городко бүгін де топ жарды. Бұл жолы қыздар арасындағы жұптық фристайл-могулда чемпион атанды. Сондай-ақ, Аяулым Әміренова да күміс медаль еншіледі. Ал ерлер арасындағы фристайл-могулда Антон Бондарев Дүниежүзілік универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Сонымен Қазақстан қоржынында әзірге 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль бар.
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы