Француз ғалымы Қазақстан жайлы кітап жазды
Француз ғалымы Қазақстанның жаһандық аренадағы рөлі жайлы кітап жазды. «Баяндау арқылы Дипломатия - Азиядағы жаңа жұмсақ күш» деп аталатын кітап Брюссельде көпшілікке таныстырылды. Авторы Лилль католик университетінің профессоры Оливье Арифон. Француз ғалымы өз еңбегінде Азия елдерінің әсіресе, Қазақстанның аймақтағы, әлемдегі рөлінің маңыздылығына тоқталған.
Елдің тарихы, көпвекторлы саясаты мен Қазақстанның «Орта держава» ретінде қалыптасуын зерделеп, оқырманға ұсынған. Еліміздің Бельгиядағы елшісі Марғұлан Баймұхан профессордың кітабы Қазақстан мен Еуро Одақ қатынасын зерттеуші ғалымдарға таптырмас көмекші құрал болады деген сенімде.
Марғұлан Баймұхан, ҚР Бельгиядағы елшісі, Қазақстанның Еуроодақ пен НАТО жанындағы миссиясының басшысы:
Көптеген сарапшылар қазір Қазақстанға «Орта держава, орта күш»деген баға беруде. Еліміздің қоғамдық дипломатиясы мәдени құндылықтарымызды, көшпенділер мұрасын паш ету арқылы жаһанға Қазақстанды саяси ғана емес, өзге қырынан танылуына септігін тигізуде. Профессор Арифон кітабында қоғамдық дипломатияның қазақстандық тәжірибесін көрсетуге тырысқан.
Оливье Арифон, Лилль Католик университетінің саяси коммуникациялар профессоры
Екі жыл бұрын, Астана халықаралық форумынан кейін мен «Қазақстанға орта держава» деген баға бергенмін. Онан бері үкіметтің ұтымды саясаты, БАҚ позитивті пікірлерге қарап, мұның лайықты баға екенін бағамдауға болады. Елдеріңіздің әлеуеті зор. Елдің мәдениеті, экономикасы, әлеуметтік саласы,жалпы Қазақстан жайлы болашақта тағы бір кітап жазамын.
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
